ҚР Президентінің жанындағы ҰҒА Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Жабағин Мақсат Қизатұлы ҚХР өткен «Ғылыми кеңестердің II съезіне» қатысты

2025 жылғы 17 маусымда Астанада өтетін «Қытай – Орталық Азия» екінші саммитінің қарсаңында ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Жабағин Мақсат Қизатұлы Қытайдың Шандунь провинциясы, Цзинань қаласында 2025 жылғы 3–7 маусым аралығында өткен Халықаралық ғылым академиялары қауымдастығының (МААН) Ғылыми кеңестерінің II съезіне қатысты.

Съезд Беларусь, Ресей, Қытай, Армения, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Куба, Тәжікстан, Өзбекстан және Черногория елдерінің ұлттық ғылым академиялары мен ғылыми-зерттеу орталықтарынан 200-ден астам өкілді біріктірді. Ғылыми бағдарламаның аясында биотехнологиялар, микроэлектроника, энергетика, жаңа материалдар, тарих, мәдениет және жасанды интеллект сияқты жаһандық дамудың басым бағыттары талқыланды.

Максат Жабағын съездің ғылыми секцияларында және МААН Жас ғалымдар кеңесінің отырысында баяндама жасап, Қытайдың жетекші ғылыми мекемелерінің өкілдерімен кездесулер өткізді. Келіссөздер нәтижесінде Цилу технологиялық университетімен, Шандунь провинциясының Ғылым академиясымен және Азық-түлік академиясымен ынтымақтастық туралы ниет хаттарына қол қойылды.

Съездің қорытындысы ретінде өткен МААН Жас ғалымдар кеңесінің отырысында келесі басым бағыттар айқындалды: жас ғалымдарға арналған ғылыми журналдардың ұсынылатын тізімдерін жасауға арналған цифрлық құрал әзірлеу; бірлескен ғылыми жобаларды халықаралық қаржыландыру тетіктерін дамыту; МААН аясында жас зерттеушілерге арналған алғашқы оқу мектебінің тұжырымдамасын әзірлеу.

Бұл шара Қазақстанның халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа бейілділігін және Орталық Азия мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестік аясындағы өзекті ғылыми диалогқа қосқан үлесін көрсетеді.