ХАБАРЛАНДЫРУ — Мессенджерлер немесе телефон қоңыраулары арқылы келіп түсетін өзге де өтініштер алаяқтық сипатқа ие

Соңғы уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының (бұдан әрі – Академия) атын жамылып, академиктерге, ғылыми және академиялық қауымдастық өкілдеріне үшінші тұлғалар тарапынан заңсыз мазмұндағы түрлі өтініштермен жүгіну жағдайлары жиілеп отыр. Олардың қатарында жеке деректер мен құжаттарды сұрату, түрлі нысандарды толтырып жіберуді сұрау сияқты әрекеттер бар.

Осыған байланысты Академия ғалымдармен тек ғылыми хатшылар арқылы байланыс жасайтынын ескертеді. Бөлімшелердің ғылыми хатшыларының байланыс мәліметтері барлық академиктерге ресми түрде жолданған. Сонымен қатар, жедел ақпарат алмасу үшін бөлімшелердің арнайы чаттары құрылған.

Мессенджерлер немесе телефон қоңыраулары арқылы келіп түсетін өзге де өтініштер алаяқтық сипатқа ие және Академия қызметіне ешқандай қатысы жоқ.

ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА