Қостанайда Ұлттық ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы өтті — qazaq1913

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде алдағы 10 жыл ішінде Қазақстанды астықты терең өңдеу өнімдерін өндіру және жеткізу бойынша әлемдегі он ірі елдің қатарына қосу, сондай-ақ аграрлық секторды индустрияландыру және өңірлерде ғылым мен инновациялық дамуды жан-жақты қолдау қажеттігін тапсырған болатын. Осы тапсырмаларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Академия) 2025 жылғы 8 тамызда «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбында Президиумның көшпелі отырысын өткізді.

Көшпелі отырыстың күн тәртібіне Қостанай облысын кешенді дамытудың басым бағыттары енгізілді, соның ішінде:

  • Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту, агроөнеркәсіптік кешенде жоғары бөлініс деңгейіндегі өнім өндіру көлемін арттыру;
  • өнеркәсіпті дамыту және инновациялар – өңір өнеркәсібін әртараптандыру, жаңа технологияларды енгізу және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • өңірлік ғылымды қолдау және технологиялар трансфері – жергілікті жерлерде ғылыми қызметті күшейту, әзірлемелерді коммерцияландыру және өңірге озық технологияларды тарту;
  • өндіріс үшін кадрлар даярлау – адами капиталды дамыту, білім беру жүйесін жаңғырту және өңір қажеттіліктеріне сәйкес мамандарды мақсатты түрде дайындау;
  • экологиялық тұрғыдан орнықты технологияларды енгізу – өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында «жасыл» шешімдерді қолдану, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту;
  • өндіріс пен агросекторды цифрлық трансформациялау – өңір экономикасына, соның ішінде ауыл шаруашылығына заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу.

Толлығырақ: https://qazaq1913.com/2025/08/08/ostanajda-ltty-ylym-akademijasy-prezidiumyny-k-shpeli-otyrysy-tti/