«Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір»: өңірде аграрлық ғылымның жаңа кезеңі басталмақ -kostanaytany.kz

Бүгін Қостанайда ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы  Президиумның көшпелі отырысын өткізді.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде алдағы он жыл ішінде Қазақстанды астықты терең өңдеу өнімдерін өндіру және жеткізу бойынша әлемдегі он ірі елдің қатарына қосу, сондай-ақ аграрлық секторды индустрияландыру және өңірлерде ғылым мен инновациялық дамуды жан-жақты қолдау қажеттігін тапсырған болатын. Осы тапсырмаларды іске асыру – көшпелі отырыстың басты мақсаты.

Іс-шараға академияның президенті Ақылбек Күрішбаев, облыс әкімі Құмар Ақсақалов, Сенат депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, өңірдің жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың басшылары, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және агроөнеркәсіптік кешен, энергетика, денсаулық сақтау салаларының отандық және шетелдік жетекші ғалымдары, сондай-ақ бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты. Меймандар әуелі ІQostanay орталығы ауласына қойылған өндірістік көрмені аралады.

Ізін ала Ақылбек Күрішбаевтың төрағалығымен жиын басталды. Ол осы уақытқа дейін осындай Төралқа отырыстары 8 облыста өтіп, онда  аймақтық ғылымды дамыту мәселелері аграрлық, медициналық, мұнай-химия, көлік логистикасы мен ядролық энергетика ғылымдарына баса назар аударыла отырылып талқыланғанын айтты. Бүгінгі жиында да Қостанай облысында өңірлік ғылымды дамытуға бағытталған шараларға тоқталды.

Толығырақ: https://kostanaytany.kz/qwatty-oengirlik-ghylym-qwatty-oengir-oengirde-agrarlyq-ghylymnyng-zhanga-kezengi-bastalmaq/