Атырау облысында ғылымды қолдау қоры құрылды

Атырау қаласындағы Н.Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығында «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Президиумының кезекті көшпелі отырысы өтті.

Көшпелі отырыс жұмысына Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президиум мүшелері, академиктер мен қызметкерлер, облыстық әкімдік басқармаларының басшылары, өңірлік университеттер мен ғылыми ұйымдардың жетекшілері, сондай-ақ өндірістік және сервистік компаниялардың өкілдері, соның ішінде «КМГ Инжиниринг», Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Ембімұнайгаз», «Kazakhstan Petrochemical Industries» (KPI), «PetroCouncil» Қазақстан мұнай-газ кеңесі, «АтырауПромВентиляция» және басқа да ұйымдар қатысты.

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев өз баяндамасында дамыған елдердің экономикасының даму жолдары, олардың инновациядағы жетістіктерінің кілті күшті өңірлік ғылымда және оны жергілікті билік тарапынан белсенді түрде қолдауында екенін мысалға келтіріп, елдегі өңірлік ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Өкінішке қарай, бізде бұл мәселе әлі де назардан тыс қалып отырғанын және мұның бәрі экономиканың даму қарқынына теріс әсер етіп жатқанын мәлімдеді.

Толық ақпарат: https://turkystan.kz/article/256714-atyrau-oblysynda-gylymdy-koldau-kory-ku-ryldy